- 05 мар. 2024 04:43
- 653
Әке - асқар тау эссе
Эссе
Әке - асқар тау
Бұл қамшының сабындай қысқа өмірде адам баласының бүкіл болмысын, кескін - келбетін ғажайып нұрға бөлейтін, жүрек төрінен мәңгі кетпейтін екі асыл жан бар. Оның бірі - аяулы ана болса, екіншісі - ардақты әке.«Әке» осы бір үш әріптен, құралған 1 сөзде қаншама мағына бар десеңізші...... Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Дана халқымыз « әке - асқар тау, ана бауырындағы бұлақ, бала жағасындағы құрақ» деп отбасындағы әркімнің орнын әдемі сипаттаған. Отбасының күн көрісі, напақасы, тәлім - тәрбиесі әке мойнындағы маңызды міндет.
Бұрынғы кезде қас - қабақпен басқару, тәрбиелеу, яғни әке мысы, сесі, қатулығы - баласын жек көргеннен емес, түздегі әкені құрметтеп, тәрбиелі ұрпақ болып өсуі үшін қолданған. Ол үшін аналарымыздың көмегі қажет болған. Олар балаларына « әкең біледі», « әкең шешеді», « әкеңмен ақылдас», « әкең ренжиді», «әкең рұқсат бермейді» дегенді жиі айтып, өзі де күйеуіне патшадай құрмет көрсете білген.
Дәл қазіргі таңда үйдегі әйеліне сөзін өткізе алмайтын әкенің жігерсіздігінен балалары жасқаншақ, қорқақ, қоғамға пайдасы жоқ болып өсіп келеді. «Жаман әкеден жақсы көрші артық» деген. Әке беделінен айырылып, жүзі кеткен пышақ секілді болып барады. Кейбір әкелеріміз “ащы сусынды” дос етіп, бос уақыттарын карта ойнаумен өткізетіні жасырын емес. Осындай тәрбие көрген ұл - қыздар әкенің соңынан дұға ететін перзенттер болып шыға ма? Әрине, жоқ! Керісінше әкесіне балағат сөздер айтып жатады, сөзіне құлақ аспайды. Осылай отбасының шырқы бұзылып, ажырасуға да апарып соғады. Ортадағы бейкүнә бала не болмақ? Бәрінен бұрын қиналатын да бала. Бұл өмірге өзін керексіз, жалғыз қалғандай сезімде жүреді. Әкесімен мәз - мейрам болған қатарластарын көргенде жан - жүрегін мұң басады. «Әкесіз бала - сужүрек, жиын тойға барады, босағада қалады» деп, әкесіз баланың жасқаншақ болатынын да меңзейді.
Алайда әкенің бәрі жаман деген сөз емес. Талай ақындарымыз және әншілеріміз әкеге арнап туындыларын шығарған. Бұл дегеніміз әкелердің жақсылары көп екенін көрсетпей ме?
Мысалы, Мұхтар Шахановтың « Әке туралы жырында» әкеге деген махаббатты, жер жүзін қанша араласа да әкедей жанды таппайтынын ақын әсемдеп жеткізе білген:
Жас едім өмірге еркін бойламаған,
Күні ертең не боларын ойламаған.
Шарықтап кетсем - дағы қанат қағып,
Өзіңдей қамқор әке қайда маған.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, әке - асқар тау, үйдің отағасы, асыраушысы, қамқоршысы. Әкенің « қызым, ұлым» дегені үлкен бақыт. Себебі, қаншама әкесіз өскен жанға әкенің бір ауыз сөзі арман....
Әке, ана - бұл біздің құны өлшенбейтін байлығымыз. Барды бағалап, әке - шешенің ақ батасын алайық. Осыдан асқан мәртебе жоқ деп білемін. Қорыта келе, ұсыныс білдіргім келеді. Қазіргі жастардың барлығы ғаламтор желісін пайдаланады. Әкенің мәртебесін көтеру үшін кішігірім бейнероликтер, кино түсірсе деймін. Әкенің жылуын көрмеген жандарға арнайы әке мектебін ашу керек деп ойлаймын.
Орындаған: Чимберген Гүлназ