
- 17 апр. 2025 09:59
- 73
Елімізде алтын аспандап, доллар аяқтан таянды
Әлемдік қаржы нарығында кезекті құбылыс тіркелді: доллар құнсызданып, алтын бағасы жаңа белесті бағындырды. Сарапшылар мұны АҚШ-тың сауда саясаты мен Трамптың салық реформаларымен байланыстырып отыр. Әсіресе, бірқатар елдермен тарифке қатысты келіссөздердің айқын нәтиже бермеуі нарыққа сенімсіздік ұялатты.
Осындай тұрақсыз жағдайда инвесторлар қауіпсіз активтерге көшіп, алтынға сұраныс күрт артты. Соның салдарынан бағалы металл 3,5 пайызға қымбаттап, бір унциясы 3363 долларға жетті. Австралия банкі жыл соңына дейін алтын бағасы 3600 долларға дейін баратынын болжайды.