
Indiatv
- 17 апр. 2025 10:03
- 80
Сауда соғысы салдарын жаһандық нарық тұралауы мүмкін бе?
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) әлемдік экономикаға қатысты алаңдатарлық болжам жариялады. Ұйым сарапшыларының айтуынша, тарифтік текетірестер мен сауда шектеулері салдарынан биыл жаһандық сауда көлемі 0,2 пайызға қысқаруы ықтимал. Ал ахуал одан әрі ушыға түссе, бұл көрсеткіш 1,5 пайызға дейін жетуі мүмкін.
Мұндай сценарий экспорттық тасымалдарды тежеп, әлем елдерінің экономикалық белсенділігін күрт төмендетеді. Ең үлкен соққыны Солтүстік Америка сезінуі мүмкін – сарапшылардың есебінше, бұл өңірдің экспорты бірден 12,6 пайызға құлдырауы ықтимал.
Азия мен Еуропадағы өсім де бәсеңдемек: сауда көлемі бар болғаны 1–2 пайызға ғана артуы мүмкін. Бұл үрдіс қазірдің өзінде акция нарығынан байқалып отыр. Nvidia компаниясының құны 7 пайызға төмендесе, S&P 500 индексі 2,2 пайызға, Nasdaq көрсеткіші 3,1 пайызға азайған.