
- 19 мая 2025 19:15
- 16
Елімізде жемқорлардың туыстарының атына тіркелген мүлікті тәркілеу ұсынылды
Мәжіліс депутаты Марат Башимов жемқорлықпен күресті күшейту мақсатында Бас прокуратураға жаңа ұсыныс жолдады. Ол бойынша, шенеунік өз табысының заңды жолмен келгенін дәлелдей алмаса, мемлекет оның мүлкін тәркілей алады.
Ұсынысқа сәйкес, мүліктің кімнің атына жазылғаны маңызды болмайды. Шенеуніктің жұбайы, көңілдесі, балалары немесе басқа туыстарының атына тіркелген активтер де тәркілеуге жатады.
Дегенмен, бұл әзірге заңды норма емес, тек ұсыныс ретінде қаралып отыр.
-
Шерзат Полаттың ісі бойынша өтіп жатқан сот процесінде бүгін марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың тергеу кезінде берген жауабының видеожазбасы ұсынылды.