
- 19 мая 2025 19:09
- 25
Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанованың таныстары елшіліктен көмек сұрайды
Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласында қайтыс болған Ақмарал Мұқанованың таныстары қазақстандық елшіліктен көмек сұрады. Айтуларынша, марқұмның 22 жастағы ұлы шет елде жалғыз қалып қойған. Кешеден бері одан хабар болмаған.
Марқұмның балалық шағынан бірге өскен құрбысы қайғылы хабарды Мұқанованың ұлынан естіген. Бірнеше күн бұрын ғана Ақмарал Мұқанова "демалыстамын, бәрі жақсы" деген хабарлама жіберген екен.
Қайтыс болған әйелдің туыстары оның денесі Ақтөбе өңіріне жеткізіледі деп күтіп отыр. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, тиісті көмек көрсетіліп жатыр. Сонымен қатар, сақтандыру компаниясы барлық шығынды өз мойнына алған.
Мұқанова – полиция подполковнигі шенінде зейнетке шыққан. Ол үш жыл бұрын Астанаға қоныс аударып, ұлымен бірге жиі саяхаттап жүрген.