
- 19 мая 2025 19:21
- 32
Түркістан емес, Шымкент: ауа райы салдарынан Қостанайдан ұшқан ұшақ Шымкентке қонуға мәжбүр болды
Әлеуметтік желіде Қостанайдан ұшып келген жолаушылардың видеосы кең тарады. Бортсерік ұшақтың ауа райының қолайсыздығына байланысты Түркістанға емес, Шымкентке қонатынын хабарлаған сәтте жолаушылар шын көңілден қуанып кеткен.
Кадрда бортсерік: "Шымкентте қалғысы келетіндер қол көтеріңіздер. Бәрі қала ма? Онда сіздерден тура жеткізіп тастағанымыз үшін қосымша ақы аламыз. Қазір командирдің нөмірін айтамын, сол жерге ақша аударыңыздар", — деп қалжыңдайды.
Қостанайдан Шымкентке тікелей рейс жоқ болғандықтан, көп жолаушы Түркістанға ұшып барып, одан әрі таксимен жүретін көрінеді. Бұл жолы ауа райы олардың уақытын да, қаражатын да үнемдеуге көмектескендей.
Кей желі қолданушылары әзіл-шыны аралас: "рейсі басқа қалаға қонғанына қуанатын – қазақтар ғана шығар..." деп пікір қалдырған.
-
Отан қорғаушылар күніне орай 7 мамырда Астанада әскери шеру өтеді. Осыған байланысты қаладағы бірқатар көшелерде қозғалыс шектеледі, деп хабарлады қала әкімдігі.