
Pixabay
- 21 мар. 2025 16:47
- 25
Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарды алып жүретін жолаушыларға пойыз билеттеріне 50% жеңілдік жасалады
Елімізде I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтар мен ерекше қажеттіліктері бар балаларды ертіп жүретін жолаушыларға пойыз билеттеріне 50 пайыздық жеңілдік енгізілмек.
Жаңа ережеге сәйкес, пойызға отырғанда медициналық анықтамаларды көрсету талабы жойылады. Енді бұл мәліметтер арнайы деректер базасы арқылы автоматты түрде тексеріледі.
Аталған жеңілдік 2025 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап күшіне енеді.