
- 21 мар. 2025 16:44
- 29
Қазақстандық әйел асырап алған баланы өлтіріп, жәрдемақысын алып отырған
Щучье қаласында адам сенгісіз оқиға орын алды – асырап алынған баланың өлімі мен жәрдемақы алаяқтығы анықталды. Тергеу барысында 8 жыл бұрын әйелдің бірден бес науқас жетім баланы асырап алғаны, оларды зейнеткер анасымен бірге тәрбиелегені белгілі болды.
Құқық қорғау органдары баланың денесін үйдің ауласынан тапқан. Тергеу нәтижесінде өгей әжесі баланы темір затпен ұрып өлтіргені анықталды.
Ең сорақысы – бала қаза тапқаннан кейін де, әйел патронаттық тәрбиеші ретінде мемлекеттен жәрдемақы алып келген. Ол тіпті жалған құжаттар жасап, баланы толық асырап алғандай көрсетіп, миллион теңге көлемінде төлем алған.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, кінәлілерге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.