Photo: Mary Se (https://www.pexels.com/@mary-se-1304754335) / Pexels
- 01 июн. 2026 05:32
- 25
Еуропадағы аптап ыстығына кондиционерлер себепкер ме? Сарапшы пікірі
Еуропаны жайлаған аптап ыстығы тек табиғи құбылыс емес, оған қалалардағы кондиционерлер де себепкер болуы ықтимал. Бұл туралы мамандар айтып отыр. Олардың пікірінше, кондиционерлер жұмыс істегенде бөліп шығаратын ыстық ауа қала температурасын арттырады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаланың «жылу аралы» эффекті
Әсіресе Париж немесе Лион сияқты ірі қалаларда кондиционерлердің салдарынан температура 2 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Бұл «қалалық жылу аралы» эффектін тудырып, жағдайды одан әрі ушықтырады.
Балама шешімдер
Сарапшылар АҚШ пен Австралияның тәжірибесіне жүгінуді ұсынады. Бұл елдерде энергияны үнемдейтін салқындату құралы ретінде төбеге орнатылатын желдеткіштер кеңінен қолданылады.
Аптабы жалғасуда
Батыс Еуропа елдерінде аномалды ыстық әлі де жалғасып жатыр. Жақын күндері температураның шарықтау шегіне жететіні болжануда. Ұлыбритания, Испания, Франция және Португалияның солтүстік аймақтарында әдеттегіден тыс жоғары температура тіркелді.