Последнее обновление

(Время обновление 4 дня назад)
Францияда электр жүйесіне қасақана шабуыл жасалды ма? Канн мен Ницца жарықсыз қалды

Францияда электр жүйесіне қасақана шабуыл жасалды ма? Канн мен Ницца жарықсыз қалды

Францияның оңтүстік-шығысындағы Канн және Ницца қалаларында екі күн қатарынан жарық өшіп, он мыңдаған тұрғын электр қуатынсыз қалды. Жергілікті билік өкілдері бұл оқиғаларды қасақана жасалған шабуыл деп болжауда.

Сенбі күні Канн қаласында электр желісі істен шығып, 160 мың адам жарықсыз қалды. Қозғалыс қиындап, байланыс пен интернет қызметтері тоқтады. Бұл оқиға Канн кинофестивалі қарсаңында орын алды.

Ертесіне, Ницца қаласындағы қосалқы станцияда түнде өрт шығып, 45 мың адам жарықсыз қалды. Қаланың қоғамдық көлігі мен әуежайы уақытша жұмысын тоқтатты. Тергеу барысында станция есігін бұзып кіру белгілері мен көлік іздері анықталған.

Қазір екі оқиға бойынша да қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Билік тарапынан бұл шабуылдардың ұйымдасқан сипатта болуы мүмкін деген нұсқа қарастырылуда.

You Might Also Like

Новости

Реклама