Последнее обновление

(Время обновление 6 дней назад)
Трамп Еуроодақтан келетін тауарларға 50% салық салмақ – әлемдік нарық құлдырады

 

АҚШ экс-президенті Дональд Трамп Еуропалық Одақтан жеткізілетін тауарларға 50 пайыздық кеден салығын енгізетінін мәлімдеді. Жаңа тарифтер 1 маусымнан бастап күшіне енбек. Бұл жаңалық әлемдік қор нарығына теріс әсер етіп, DAX және EuroStoxx50 индекстері 3%-ға төмендеді.

Сарапшылар бұл сауда текетіресі жаһандық экономиканың дамуына тежеу болады деп қауіптеніп отыр. Алайда Польшаның Сауда министрі жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік барын айтып, келіссөздерге уақыт қалғанын жеткізді. Трамптың өзі де баж салығын алып тастауға дайын екенін айтты, бірақ басты талап – өнімдердің АҚШ аумағында өндірілген болуы.

Трамп осыған дейін Apple компаниясына да осындай талап қойған. АҚШ жылына 60 миллионнан астам смартфон сатқанымен, ішкі нарықта өндіріс жоқ. Экс-президенттің жоспары бойынша, АҚШ аумағынан тыс шығарылған әр iPhone үшін 25 пайыздық баж салығы алынуы тиіс.

.

You Might Also Like

Новости

Реклама