Последнее обновление

(Время обновление 7 месяцев назад)
Талдықорғандағы Шерзат Полат ісі бойынша өтіліп жатырған сот отырысы кезінде жер сілкінісі болды

Талдықорғандағы Шерзат Полат ісі бойынша өтіліп жатырған сот отырысы кезінде жер сілкінісі болды ,-деп жазады Инфохаб.

Талдықорғанда Шерзат Полаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот отырысы кезінде жер сілкінісі тіркеліп, процеске үзіліс жарияланды. Оқиға барысында сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров сараптама қорытындысын баяндап жатқан, оған жәбірленуші тараптың адвокаттары сұрақтар қойып жатқан еді.

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі Талдықорған маңында жер сілкінісі болғанын растады. «Сейсмологиялық зерттеу институтының» мәліметінше, 2025 жылғы 23 мамырда, Астана уақытымен 16:01-де Талдықорған қаласынан солтүстікке қарай 12 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелген.

ТЖМ мәліметіне сәйкес, жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қирау деректері тіркелмеген.

Сот отырысының кейінгі уақыты мен жалғасу тәртібі соттың шешімімен кейін хабарланады.

You Might Also Like

Новости

Реклама