instagram.com/coventrycityfcofficial
- 18 апр. 2026 22:31
- 30
Фрэнк Лэмпард "Ковентриді" 25 жылдан кейін АПЛ-ге қайтарды
Англияның атақты "Челси" клубының бұрынғы ойыншысы әрі бапкері Фрэнк Лэмпард "Ковентри Ситиді" Англия Премьер-лигасына (АПЛ) шығарды. Бұл команда үшін 25 жылдағы алғашқы жетістік.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Ковентридің" АПЛ-ге жолы
43-ші турда "Блэкбернмен" өткен кездесуде "Ковентри" тең ойнаса болды, жоғары лигаға шығатын еді. Матчтың 84-ші минутында команда есепте артта қалғанымен, қорғаушы Бобби Томас соңғы минутта гол соғып, командасын жеңілістен құтқарды.
Клуб соңғы рет Англияның жоғары дивизионында 2000/01 маусымында өнер көрсеткен болатын.
Лэмпардтың "Ковентридегі" мансабы
47 жастағы маман команданы 2024 жылдың қараша айында басқарды. Өткен маусымда ол команданы АПЛ-ге шығаруға жақын қалғанымен, плей-офф кезеңінде "Сандерлендке" есе жіберген еді. Биылғы маусымда "Ковентри" лигада көш бастап, 43 кездесуде 86 ұпай жинады.
Сонымен қатар, "Ковентри" Англияның екінші деңгейлі лигасының чемпиондығына да жақын тұр. Команда "Ипсвич Тауннан" 11 ұпай алда келеді, бірақ қарсыластың екі ойыны қалды.