Последнее обновление

(Время обновление 9 минут назад)
Германиядағы ірі қала тұрғындары Олимпиададан бас тартты

Гамбург қаласының көпшілік тұрғындары референдумда Олимпиада ойындарын өткізу идеясын қолдамады. Жексенбі, 31 мамырда өткен дауыс беру қорытындысы бойынша, 54,9 пайыз тұрғын Олимпиадаға «жоқ» деп жауап берсе, 45,1 пайызы «иә» деп дауыс берді.

Қала басшысы Петер Ченчер бұл нәтижелерді ескере отырып, Германия спорт шенеуніктеріне Гамбургтің Олимпиадаға өтінім беруден бас тартқанын хабарлады. «Дауыс беру нәтижесіне қатты өкінемін, бірақ референдумның шешімі міндетті болып саналады», - деді ол.

Референдумда 16 жастан асқан 1,3 миллионнан астам гамбургтік дауыс беру құқығына ие болды. Сайлау комиссиясының мәліметінше, шамамен 650 мың адам, яғни 49,5 пайызы қатысты. Бұл Гамбургтің Олимпиаданы өткізуге ұсынысының екінші рет қабылданбауы. 2015 жылы да қала тұрғындары мұндай бастамаға қарсы шыққан болатын.

Гамбургтің 2036, 2040 немесе 2044 жылдардағы жазғы Олимпиада ойындарын өткізу туралы өтінімі қабылданбағаннан кейін, Германия атынан Мюнхен, Берлин және Кёльн қаласы орталық болатын Рейн-Рур аймағы бәсекелеседі.

Новости

Реклама