
- 07 авг. 2025 14:53
- 31
Халықаралық ұйымдар Бақытжан Төреғожинаға шыққан сот шешімін айыптады
Халықаралық ұйымдар Бақытжан Төреғожинаға шыққан сот шешімін айыптады
Белгілі құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаға қатысты сот шешімі халықаралық деңгейде алаңдаушылық туғызып отыр. Ирландияның Дублин қаласында орналасқан Front Line Defenders құқық қорғау ұйымы белсендіні әкімшілік жазаға тартуды сынға алды.
Ұйымның мәлімдеуінше, Төреғожина саяси тұтқын Марат Жыланбаевтың денсаулығына қатысты алаңдаушылық білдіріп, әлеуметтік желіде жариялаған жазбасынан кейін қудалауға ұшыраған.
«Қазақстан билігі құқық қорғаушыны жазалау арқылы азаматтық қоғамды үнсіздікке итермелеп отыр. Біз билікті сот шешімінің күшін жоюға және Бақытжан Төреғожинаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырамыз», – делінген ұйымның мәлімдемесінде.
Мәселе БҰҰ деңгейінде де назарға алынды. Аталған жағдайға БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы ресми түрде алаңдаушылық білдіріп, Қазақстан билігін халықаралық адам құқықтары стандарттарын сақтауға шақырды.
Құқық қорғаушыға шығарылған шешім – елдегі азаматтық еркіндік пен сөз бостандығына қатысты халықаралық қауымдастықтың бұрыннан айтып келе жатқан сын-пікірлерін тағы бір мәрте растап отыр.
-
10 тамызда Алматы қаласында әлемге танымал америкалық поп-жұлдыз Дженнифер Лопестің концерті өтеді деп жоспарлануда. Алайда бұл шараның өтуі қазір сұрақ тудырып отыр. Себебі қоғам белсендісі Сауле ...