Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 22 мая 2026 05:30
- 26
Гүлзира Айдарбекова сіңлісінің қазасынан кейін жүрекке тиетін жазба жариялады
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова сіңлісі Сәуле Базарханның өмірден озғанына қатты қайғырғанын жеткізді. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айдарбекованың айтуынша, сіңлісінің кенеттен қайтыс болуы оның жанына қатты батқан. Ол өмірдің қысқалығын және жақындарды бағалаудың маңыздылығын еске салды.
«Сәулешім, аз өмірді бағалау керек екенін меңзеп кеткендей болды маған»
Гүлзира Айдарбекова сіңлісінің ешкім туралы жаман сөз айтпайтын, ешкімді даттамайтын тамаша жан болғанын атап өтті. «Бәріміздің мекеніміз бір, ертелі-кеш кетеміз деп өзімізді жұбатқанмен, өкініш өртей береді екен. Бір жақсы адамыңнан айырылғаның ішіңді өртей береді…», — деп жазды ол.
Продюсер сондай-ақ, сіңлісімен бірге әлемнің түкпір-түкпіріне саяхаттап барған естеліктері туралы да айтып өтті. «Не деген толассыз хаттар, пабликтің қайсысын ашсаң да — “Сәулешім…”», — деп жазбасын қорытындылады.