Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Иран АҚШ-қа келіссөздер үшін үш талап қойды

Иран АҚШ-пен келіссөздерді қайта бастау үшін үш негізгі талапты алға тартты. Бұл туралы ливандық Al Mayadeen телеарнасы хабарлады.

Ақпаратқа сүйенсек, Иранның талаптарына соғыстың қайта басталмауына кепілдік беру, толық ядролық отын циклін алу және өтемақы төлеу мәселелері кіреді.

Бұл талаптар АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы аясында қойылды. АҚШ пен Израиль 28 ақпанда Иранға қарсы операция бастап, оның мақсаты Тегеранның ядролық қару алуына жол бермеу екенін мәлімдеген болатын. Вашингтон Иран флотын, қорғаныс өнеркәсібін жоюға және ел азаматтарын билікті құлатуға шақырды.

Соңғы мәліметтер бойынша, АҚШ пен Израильдің Ирандағы шабуылдарынан кем дегенде 1300 адам қаза тапты. Олардың қатарында жоғарғы діни басшы Али Хаменеи де бар. 9 наурызда Сарапшылар кеңесі Иранның жаңа жоғарғы діни басшысының есімін жариялады. Ол қайтыс болған басшының ұлы Моджтаба Хаменеи болды.

БАҚ-тың хабарлауынша, зымырандар әскери нысандарға ғана емес, Ислам Республикасындағы және аймақтағы басқа да елдердегі азаматтық инфрақұрылымдарға да тиген. Тегеран өз кезегінде Израиль аумағына және Таяу Шығыстағы американдық базаларға шабуыл жасап отыр.

Новости

Реклама