Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Иран басшысы Ормуз бұғазының жабық қалатынын мәлімдеді

Иранның жаңа басшысы, аятолла Моджтаба Хаменеи алғашқы ресми мәлімдемесінде Ормуз бұғазының жабық қалатынын хабарлады. Бұл туралы ирандық БАҚ-тар жазды. Осыған байланысты мұнай нарығында күтпеген жағдайлар орын алды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңа басшы қызметке кіріскеннен кейін алғаш рет жұртшылық алдына шығып, Иран мемлекеттік телеарнасы арқылы мәлімдеме жасады. Ол Ормуз бұғазын «қысым көрсету құралы» ретінде жабық ұстауға болатынын және Иранға көршілес елдердің АҚШ базаларына байланысты қысымға ұшырап отырғанын айтты.

«Жауды мойындату үшін қорғанысты жалғастыруды халық талап етеді»

«Халық жауды мойындату үшін тиімді қорғанысты жалғастыруды талап етеді. Аренадағы қатысуды сақтау керек, ал Ормуз бұғазы жабық қалуы тиіс», - деп келтіреді басылым Хаменеидің сөздерін.

Жаңа басшы сондай-ақ, Иранның шейіттердің қаны үшін, әсіресе Минабта (қыз балалар мектебіндегі оқушылардың қазасы) қаза тапқандар үшін кек алудан бас тартпайтынын мәлімдеген.

Мұнай нарығындағы дүрлігу

Бұл мәлімдеме АҚШ пен Израильдің Иранмен соғысы салдарынан туындаған энергетикалық дағдарыс туралы бұрынғы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің CNN телеарнасына берген сұхбатынан кейін жасалды. Керри бұл жағдайды соңғы онжылдықтағы ең нашар жаһандық дағдарыстардың бірі деп атады.

«Мен жақын күндері дипломатияның өте шешуші түрде жаңарып жалғасатынына үмілтенмін… Адамдардың бұл жағдайдан шығар жол табуы бүкіл әлем үшін өте маңызды. Энергетикалық бағалардың қалай өскенін көрдіңіздер – егер бұл тым ұзаққа созылса, бұл әркімнің экономикасына әсер етеді», - деді Керри.

Халықаралық энергетикалық агенттігінің хабарлауынша, әлем «әлемдік мұнай нарығындағы тарихтағы ең ірі жеткізілімдердің үзілуіне» тап болған. Президент Дональд Трамп мұнай бағасының күрт өсуінің маңыздылығын жоққа шығарып, АҚШ жоғары энергия бағаларынан пайда көріп отырғанын айтты.

Новости

Реклама