Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Иран жаңа Жоғарғы көшбасшысын таңдады

Иранның Сарапшылар ассамблеясы елдің жаңа жоғарғы көшбасшысын таңдау бойынша көпшілік келісімге келгенін хабарлады. Бұл туралы ассамблея мүшесі Мохаммад Мехди Мирбагери мәлімдеді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ассамблея мүшесінің айтуынша, шешуші пікір қалыптасқан, бірақ жаңа басшының есімін жариялау немесе оны тағайындау бірден жүзеге аспауы мүмкін. Мирбагери қазіргі күрделі жағдайда бірқатар кедергілер барын және шешім қабылдауда сақтық пен жауапкершілік қажеттігін атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Иранның жоғарғы көшбасшысы Али Хаменей 28 ақпан күні операция кезінде қаза тапқан болатын.

Новости

Реклама