tengrinews.kz
- 03 июн. 2026 08:00
- 26
Иран мен АҚШ бір-біріне шабуыл жасағанын мәлімдеді
Иранның Ислам революциясы сарбаздары корпусы (КСИР) АҚШ-тың бесінші флотының әскери базасы мен штаб-пәтеріне зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сонымен қатар, АҚШ-қа тиесілі «Паная» кемесіне де шабуыл болғаны айтылды. Бұл туралы Tengrinews.kz агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл оқиға кезінде Бахрейнде дабыл сиреналары іске қосылып, тұрғындарға қауіпсіз жерлерге бару ұсынылды. Кувейт армиясы дрондар мен зымырандардың шабуылын тойтарғанын хабарлады.
АҚШ әскерилері өз кезегінде ирандық дрондар мен зымырандарды жойғанын, сондай-ақ Иранның Кешм аралына соққы жасағанын мәлімдеді. АҚШ Қарулы Күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Кешм аралына жасалған соққыны Иранның Таяу Шығыстағы шабуыл әрекеттеріне жауап ретінде өзін қорғау мақсатында жасалғанын хабарлады.
АҚШ-тың жауабы
«АҚШ күштері Иранның Таяу Шығыстағы шабуыл әрекеттеріне жауап ретінде Кешм аралына өзін қорғау мақсатында соққы жасады», - делінген CENTCOM-ның X әлеуметтік желісіндегі хабарламасында.
Соққы Иранның әскери жердегі басқару станциясына бағытталған. CENTCOM мәліметтері бойынша, АҚШ әскерилері Кувейт пен Бахрейнге бағытталған бірнеше ирандық баллистикалық зымырандары мен дрондарын жойып, АҚШ жариялаған блокадаға қарамастан Харк аралына өтуге тырысқан мұнай танкерін тоқтатқан.
Америкалық қолбасшылықтың айтуынша, осыдан аз уақыт бұрын АҚШ ҚК аймақтық суларда заңды түрде жүзіп бара жатқан азаматтық теңізшілерге бағытталған деп айыпталған үш дронді атып құлатқан.