tengrinews.kz
- 17 мар. 2026 01:30
- 16
Иран Орталық Азия елдеріне әскери қауіп төндірді
Иран "Iran International" тәуелсіз спутниктік телеарнасымен ынтымақтастықты жалғастыратын "белгілі бір мекемелер мен елдерге" ескерту жасады. Егер бұл ынтымақтастық тоқтамаса, аталған телеарнаға қатысты нысандар мен инфрақұрылым иран әскерилерінің нысаналар тізіміне енуі мүмкін.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақпаратқа сүйенсек, "Iran International" телеарнасы Ұлыбританиядан хабар таратады және Түркіменстанға тиесілі "TürkmenÄlem 52E/MonacoSat" спутнигін пайдаланады. Бұдан бөлек, бұл спутникті ондаған басқа теле- және радиоарналар да қолданады.
Иранның "Хатам әл-Анбия" өкілінің мәлімдемесі
Иран мемлекеттік БАҚ-тарының хабарлауынша, Иран қарулы күштерінің "Хатам әл-Анбия" қолбасшылығының аты-жөні аталмаған өкілі "Iran International" телеарнасын "сионистік БАҚ" деп атап, оның Иран халқына қарсы "шиеттілік тудыру, жалған ақпарат тарату, қауесет және психологиялық соғыс" жүргізу мақсатында әрекет ететінін айтқан. Ол сондай-ақ, егер бұл "сұрқия және шайтани" арнаға қолдау көрсету жалғаса берсе, онымен ынтымақтасқандар Иран Ислам Республикасының нысаналар тізіміне енетінін ескерткен.
Румынияға да ескерту жасалды
Тегеран Румынияға да ескерту жасап, егер Бухарест Вашингтонға өз аумағын Иранға қарсы операциялар үшін пайдалануға рұқсат берсе, Румыния жанжалдың қатысушысы болатынын жеткізген. Бұған дейін Румыния парламенті ел аумағына қосымша американдық әскери бөлімдер мен авиацияны орналастыру туралы ұсынысты мақұлдаған болатын.