
- 26 мая 2025 12:42
- 81
Астанада Кенесары хан ескерткіші қайта орнатылды
Елордада Кенесары ханның ескерткіші қалпына келтіріліп, тарихи тұғырына қайта қонды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.
«Астанада Кенесары хан ескерткішін қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, өз орнына қойылды. Қазір ескерткіштің айналасында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде», – деді Қарин.
Айтуынша, қайта жөндеуден өткен соң монумент бұрынғыдан биігірек етіп орнатылған. Естеріңізге сала кетейік, былтыр күзде ескерткіш апатты жағдайда деп танылып, негізінің қисайып кетуіне байланысты құлау қаупі туындаған. Осыған байланысты ескерткіш уақытша алынып, толық қалпына келтірілді.
Қоладан құйылған тарихи тұлға тұлпар мініп тұрған бейнеде, биік гранит тұғырға орнатылған. Ескерткіш авторлары – мүсінші Нұрлан Далбай және сәулетші Шота Уәлиханов.