
- 25 мая 2025 09:59
- 21
Жамбыл облысында үш «Жайлы мектеп» салынады
Президент тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысында үш жаңа «Жайлы мектеп» ашылады. Оның екеуі Қордай ауданында, біреуі Тараз қаласында бой көтермек.
Аймақта жоспарланған 7 мектептің төртеуі өткен жылы пайдалануға берілді. Солардың бірі – Тараздағы «Бәйтерек» шағын ауданында ашылған №66 мектеп. 1800 оқушыға арналған заманауи білім ордасында:
- 59 оқу сыныбы,
- 10 коворкинг орталығы,
- 3 зертхана,
- медиа студия бар.
Мұнда оқушыларға сапалы білім алу үшін барлық жағдай жасалған.