
- 25 мая 2025 09:43
- 15
ШҚО тұрғындары 2 балдық жер сілкінісін сезінді
2025 жылғы 25 мамырда Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сейсмологиялық станциялар желісі Астана уақытымен сағат 07:35-те жер сілкінісін анықтаған. Жерасты дүмпуінің эпицентрі Ресей аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1162 шақырым жерде орналасқан.
Сезілу деңгейі:
- Өскемен қаласында – 2 балл;
- Катонқарағай ауылында – 2 балл.
Зардап шеккендер мен қирау туралы мәлімет жоқ.