Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Жаңа тұрпатты жаңғырудың басты шарттары

Оңтүстік Қазақстан обылысы
Шардара ауданы
№ 16 колледж
Өндірістік оқыту шебері Парманов Болатбек Маликович 

Қызмет бабында пайдаланылатын басылым

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы – жалпы ұлтқа бағыт алған бағдарлама екені анық.  Алайда, осы бағдарламаның негізгі бағыты – жастар, рухани жаңғыру алдымен жастарға қажет деп ойлаймын. Бұл бағытта біз – оқытушылар,  ұстаздар, аға буын өкілдері, әуелі рухани жаңғыртуды неден бастау керек, не нәрсеге қатты назар аудару керектігін ойластырғанымыз, айтқанымыз дұрыс.

Осы тұрғыдан келгенде, Елбасы мақаласының алатын орны ерекше. Мемлекет басшысы атап отырған идеялардың қай-қайсысының мәңгілік  болуына ұйытқы болатын дүние – руханият пен мәдениет. Бұл жолда бәрімізді толғандырып жүрген мәселелер баршылық.

Соның ішінде атап өткім келетіні – білім.  Ұлттық жаңғырудың басты әлеуеті – білім. Қазақтың «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген дана сөзі халқымыздың о бастан білімді жоғары орынға қойғанын білдіреді. Қазіргі ғылым мен технология заманында қазақ ұлтының  білімді болуы – оның табиғи міндеті. Ұлт көшбасшысының бастамасымен жасалған, жасалып жатқан әр түрлі бағдарламалар осы бағыттағы  үлкен істердің көрінісі. Білімді болу деген – сананың ашықтығы деген сөз. Нұрсұлтан Әбішұлы әлемдегі  жаңалықтарға ашық болуға, басқа  елдердің озық тәжірибелерін игеріп, жаманынан жиренуге  бұдан бұрын да назар аудартқан. Сондықтан да Қазақстанды әлем таниды және шетелдердің жақсы жетістіктерін меңгеруге ұмытылып келеді. Патриоттық тәрбие, білімге ұмтылысты арттыру, көпшіліктің ой-өрісін кеңейтуді  көздеген бастама-бағыттардың негізі жастарға арналады. Демек, аталмыш мақаланың жастарға, студенттерге, жалпы өскелең ұрпаққа берері көп. Білім алып жатқан жастардың қандай мамандыққа болмасын жедел бейімделуіне, жан-жақты болуына, әсіресе, қазақстандық білім берудегі ерекшеліктер, инновациялар игі ықпал етеді. Сондай-ақ, екінші мәселе –  қазақ  тілі, жалпы тілдер тақырыбы. Өзінің руханиятын  толықтайтын, ұлтына, еліне қызмет ететін нағыз отансүйгіш-патриот азаматтарды тәрбиелеу осы мәселелелрмен тығыз байланысты. Өз тілін,  мемлекетінің тілін білмей өскен ұрпақтан қандай рухани жаңғыру күтуге болады... Ана тілінде түсіне алмайтын, сөйлей алмайтын адамның санасы, батыс, өзге жат елдерге еліктеумен кетіп, өз ұлтының мүддесін ескермеуі – құндылық ретінде өзгені тануға әкелеліп соғатыны  белгілі. Сонымен қатар, Елбасы шетел тілдерін жетік меңгергенде ғана, басқа дамыған елдермен терезеңді тең ұстай алатыныңды,  халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті бола алатыныңды баса айтып отыр. Осы айтылған мәселелер жастардың санасында бірінші кезекте қалыптасуы керек. Президентіміз жастарға үлкен сенім, үлкен үміт артып отыр. Қазіргі заман қорқынышы болып, әлемге үрей орнатқан терроризм, экстремизмге қарсы күресуде де бұл мақаланың айтары мол. Себебі, теріс ағымдарға кетіп жатқандар – өзінің қазақи жеке дара қасиетін бағаламай, ұлтының бар рухани құндылығын бағаламай, оны өзгеден іздегендер. Өзіміздің өшкенімізді жандырып,  жоғалғанымызды табу дегеніміз – ескіні аңсау емес, ескігі қайта бару емес. Бұл –  санамызда ұлттық менталиттеті қалыптастыру, төл тарихымызды жаңғырту, қыз-жігіттерді патриотизмге тәрбиелеу. Бүгінгі күн «шаруам жоқ» деп елден жырақ қалып, өзгелер істейді деп қол қусырып жататын уақыт емес. Заман ағымына сай икемделіп, өзімізді қолға алып, айналадағымызды өзгертуге белсене жұмыс істеуге  міндеттіміз. Осы тұрғыдан алғанда, мақалада көрініс тапқан, ұлтты ұйыстыратын тағы бір нәрсе – «Туған жер» бағдарламасы. Мұнда нағыз  патриоттық тәрбиенің рухы сезілуде. Егер біз өзімізді нағыз елжанды, ұлтжанды, отансүйгіш жан деп ойласақ, сөзімізді іспен дәлелдейтін мезгіл келіп жеткенін ескерейік. Туған жер – туған ауылымыздан басталады. Яғни, туған жерге деген сүйіспеншілігімізді, махаббатымызды  туып-өскен ауылған, қалаға тигізер пайдалы әрекетіміз арқылы дәлелдесек, рухани жаңғыру жолында қосқан үлесімізідің көрінісі болары хақ. Мақалада, сонымен қатар, «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу деп айтылған. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай», – деген жолдардың астарында үлкен ой жатыр. «Ұлттық код» дегеніміз – халқымыздың ғасырлар бойы сақтап келген салт-дәстүрі, тілі, ұлттық мәдениетіні өшпес белгілері. Ол үшін қазақ халқының өткеніне үңіліп, қазіргі заман  жағдайымен, болашақпен ұштастыруымыз қажет.

Жоғарыда аталған бағыттарда жасалып жатқан біршама істер бар екенін де айтқанымыз жөн болар. Біздің жастарымыз рухани, ғылыми ізденістерге белсене қатысуда қызығушылық  танытып жүргеніне дәлелдеріміз де жоқ емес. Алдымыздан қазағымның санасы биік, ой-өрісі кең, жүректі де, білекті талай баласы оқып жатыр. Бір-біріне мүлде ұқсамайтын мінездер, бірінен-бірі асып түсіп жатқан таланттар мен  дарындардың жоқ еместігі бізді  қуантады. Себебі, Елбасы жоспарлап берген болашақтың бағдарын алып жүрер, елдің рухани жаңғыруына  үлес қосар, атсалысар да осындай жастар екеніне сеніміміз мол. Біз өзгелерге ұқсамайтын, дарашылдығы, өзіндік ерекшелігі бар ұлт болғанда ғана, халқымыздың атын дүние жүзіне жария еткенде ғана, нағыз қазақ деген атқа лайық болғанда ғана, ХХІ  ғасырда дамыған  елдің қатарында боламыз. Ол үшін, ең  алдымен, еліңді, жеріңді сүю, салт-дәстүріңді, тіліңді, дініңді, діліңді сақтау, білімге құштар болу сияқты ұлт руханиятынан бастауымыз қажет екенін жастар тереңінен түсінеді деген сенімдеміз.


You Might Also Like

Новости

Реклама