Последнее обновление

(Время обновление 1 минуту назад)
Жанболат пен Жазира тойда қайын інісі мен абысын сыйлады

Қазақстанның танымал әншілері Жанболат пен Жазира жұбы тойдағы жомарттығымен елді тағы бір таңғалдырды. Бұл жолы олар өздерінің туған жерінде өткен тойда қайын інісі мен абысынын ерекше сыймен қуантты.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тойдағы тарту

Әншінің тұңғышы Қазбектің тойында сөз алған Жазира Байырбекова, жұбайының інісі Нұрболат пен оның әйелі Айгүлге арнап тосын сый жасады. Ол өз сөзінде, екеуінің үйдің кенжесі болса да, үлкен жауапкершілікті арқалап, қонақжайлылық танытып жүргенін атап өтті.

«Біз келгенде есік әрдайым ашық, дастархан жаюлы. Бар ауыртпалықты мойнына алған Айгүлге рахмет айтқым келеді. Сол үшін осы тойда бір идея келді. Екеуіне әлемнің кез келген жеріне бір апталық саяхат сыйлағым келеді. Егер шетелге баруды қаламаса, Сарыағаш немесе Алматы қаласына демалыс ұсынамыз», - деді Жазира Байырбекова.

Желідегі пікірталас

Әншінің бұл сөзінен кейін әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқылау басталды. Көбісі жұптың жомарттығына ризашылығын білдірсе, кейбірі сыйлықтың таңдауына қатысты пікір білдірді. Кейбір желі қолданушылары «Шетелден бастап Сарыағаштан аяқталды», «Машинаны неге бермеген?» деген сияқты пікірлер қалдырды. Алайда, көпшілігі жұптың бұл әрекетін құптады.

Новости

Реклама