Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 02 мая 2026 15:00
- 25
Жәнібектің туған анасы туралы жаңа деректер табылды: «Ол маған қатты ұқсайды»
Торғай өңірінде дүниеге келіп, кейін шетелге кеткен Жәнібекке (Jani Saveliev) қатысты тың мәлімет пайда болды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Қазақ радиосының» хабарлауынша, редакцияға жолданған хатта Жәнібектің бұған дейін белгілі болған өмірбаянымен сәйкес келетін деректер келтірілген.
Анасы туралы жаңа ақпарат
Хат мазмұнына сәйкес, Жәнібектің туған анасы болуы ықтимал әйел 2002 жылы Моңғолиядан Арқалық қаласына оқуға келген. Сол кезде жүкті болған бойжеткен бұл жағдайды ата-анасына айтудан қорқып, перзентханада босанған соң нәрестеден бас тартқан.
Хатты жолдаған адам аталған әйелдің өзінің қайын әпкесі екенін айтады. Оның сөзінше, Жәнібек – сол тастап кеткен бала болуы әбден мүмкін. Мұны туған күндерінің сәйкес келуі, әйелдің баласын іздеп жүргені және Жәнібектің оған қатты ұқсайтыны дәлелдейді.
ДНК сараптамасы жасау жоспарлануда
Аталған жайттарды алға тартқан хат иесі, мәселені нақты анықтау үшін тексеріс жүргізу қажеттігін атап өтті. Туыстары Жәнібекпен биологиялық байланысын анықтау үшін ДНК сараптамасын тапсыруға дайын екенін білдірді.