
- 10 июн. 2025 16:44
- 49
Жақсылықовтың ұсталғаны туралы ақпарат жалған болып шықты
Бұрынғы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың қамауға алынғаны жөніндегі ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы генерал-полковниктің өзі мәлімдеді. Оның айтуынша, ол дәл қазіргі сәтте отбасымен бірге түскі ас ішіп отыр.
Жақсылықов бұл жалған хабарламаны таратқандарды сотқа беретінін де жеткізді.
Бұған дейін бірқатар Telegram-арналарда экс-министрдің ұсталып, Астананың уақытша ұстау изоляторына қамалғаны туралы мәлімет тараған еді. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталмады.