
- 09 июн. 2025 13:44
- 16
Мәселе бастан асады: Көлік министрі не үшін күтпеген жерден қызметінен кетті?
Мәселе бастан асады: Көлік министрі не үшін күтпеген жерден қызметінен кетті?
Марат Қарабаевтың отставкасы – саяси сахнада күтпеген әрі елеулі оқиға. Оның қызметінен босатылуы демалыс күні жарияланып, өзі іссапарда жүргенде білгені бұл жағдайды одан сайын жұмбаққа айналдырды.
Көпшілік Қарабаевтың орнын босатуына елдегі автожолдардың мүшкіл жағдайы, әсіресе Жезқазған – Қызылорда бағытындағы жол құрылысындағы ұзаққа созылған проблемалар себеп болды деп топшылайды. Бірақ айта кетерлік жайт: бар болғаны үш апта бұрын Мемлекет басшысы бұл мәселе үшін министрге сөгіс жариялап, қызметінде қалдырған еді.
Саяси тәжірибеде бір шенеунікті бір мәселе үшін екі рет жазалау — сирек жағдай. Сондықтан Қарабаевтың отставкасына басқа да ішкі себептер мен ықпалдар әсер етуі мүмкін деген болжамдар айтылуда.
Қазіргі уақытта Үкімет те, Президент әкімшілігі де отставканың нақты себебі туралы ресми түсініктеме берген жоқ. Ал Қарабаевтың өзі бұл шешімге түсініксіз күйде қалғанын білдірді.