Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Жарма, жұмыр кеспе өнімдері мен бұршақ көжелерін, пюре-көжелерін дайындау әдісі

«Қаракемер кәсіптік колледжі» МКҚК
Орындаған: Купайсинова Юлдуз Жуматайкызы
Тобы: 13-А
Жетекшісі: Набиева Назира Калдыбековна

Инструктивті-технологиялық карта

Тақырыбы: Жарма, жұмыр кеспе өнімдері мен бұршақ көжелерін, пюре-көжелерін дайындау әдісі.

Мақсаты: Өндірістік шеберханада жарма, жұмыр кеспе өнімдері мен бұршақ көжелерін дайындау әдісін үйрену.

Жарма, жұмыр кеспе өнімдері мен бұршақ көжелері.

Көженің бұл тобына сөк, арпа, күріш, ұнтақ жарма сұлы жармалары, үрмебұршақ, жасымық пайдаланылады. Ұн өнімдерінен жұмыр кеспе, түтік кеспе, кеспе, оның ішінде қолдан ұн кеспесі, тілік кеспе т.б. қолданылады. Бұл көжелерді сүйек – ет, құс сорпасында, саңырауқұлақ піспе суында дайындайды.

Жарма көже. 237.

Өнімнің атауы

Салмағы

Таза салмағы

Жарма

80

80

Сәбіз

50

40

Ақжелкек

13

10

Бас пияз

48

40

Пияз –порей

26

20

Аспаздық май

20

20

Су немесе сорпа

950

950

Шығым:

-

1000

Жұмыстың орындалуы: Қайнап тұрған сорпаға дайындалған жарманы, шала қуырылған, ұсақ текшешеге туралған көкөністі салып пісіреді. Шала қуырылған томат пюресін немесе жас қызанақ салуға болады.

245. Харчо көжесі.

Өнімнің атауы

Салмағы

Таза салмағы

Күріш

70

70

Бас пияз

95

80

Маргарин

40

40

Томат пюресі

30

30

Ткемали соусы

30

30

Сарымсақ

8

6

Ақжелкек

41

30

Құмақ – сунели

1

1

Дәмдеуіштер

-

-

Су

1000

1000

Шығым:

-

1000

Жұмыстың орындалуы: Бұл -  грузин халқының ұлттық тағамы.  Мұны дайындаудың бірнеше әдістері бар. Ең көп тарағанын былайша даярлайды. Қой немесе сиыр төсін әрқайсысы 25-30 г болатындай етіп, текшешеге турайды, бірнеше кесегін шабады, мұздай су құяды, тез қайнатады да көбігін алып, баяу қайнатып, толық дайын болғанша пісіреді. Сорпасын сүзеді. Томат пюресін шала қуырады. Пісіру аяқталар кезінде шала қуырылған томат пюресін, бұрыш, ткемали тұздығын, құмақ-сунели, сарымсақ салып толық дайындайды.

243. Бұршақ көжесі.

Өнімнің атауы

Салмағы

Таза салмағы

Бұршақ

141

140

Сәбіз

50

40

Ақжелкек

13

10

Бас пияз

48

40

Пияз – порей

26

20

Аспаздық май

20

20

Су немесе сорпа

800

800

Шығым:

-

1000

Жұмыстың орындалуы: Еттен және сүрленген шошқа етінің сүйектерінен сорпа пісіреді. Бұршақ тұқымдастарын іріктейді, жуады, мұздай суда ылғалдайды және сол суда пісіреді. Тамырсабақпен пиязды текшешеге турап, шала қуырады. Қайнап тұрған сорпаға дайындалған бұршақ тұқымдасын салады да пісіреді. Пісіру аяқталар кезде шала қуырылған тамырсабақпен пиязды, тұзды, дәмдеуіштерді салып, дайын болғанша пісіреді.


You Might Also Like

Новости

Реклама