Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Жер тұрғындары 2022 жылы жұлдыздың пайда болуын өз көздерімен көре алады

Жер шарының тұрғындары 2022 жылы аспанда жаңа жұлдыздың пайда болуын өз көздерімен көре алады. 

Бұл туралы Times басылымы америкалық астроном Ларри Молнардың зерттеуінің нәтижесіне сүйеніп хабарлады.

Аспанның жарық денесі екі жұлдыздың соқтығысуы нәтижесінде біздің заманымыздың үшінші ғасырында пайда болған екен және ол KIC 9832227 ортақ кодымен жұлдызды аспан картасына енгізілген. Бірақ оның жарқылы Жер шарына 1,8 мың жыл бойы жеткен.

Жаңа жұлдыз Аққу жұлдыздар тобында аздаған уақытқа ғана пайда болады. Соқтығысудан болатын жарқылдың қуатты болатыны соншалық, ол бірнеше күнге түнгі аспандағы ең жарық нысандардың бірі болуы мүмкін.

Астрономның бағалауынша, Жер тұрғындары оқиғаны 2022 жылы бақылай алады, дегенмен, есептеулерде бірнеше жылға қате кетуі ықтимал. Егер Молнардың болжамы орындалса, ғалым жұлдыздардың соқтығысуын оның жарығы Жерге жетпей тұрып, алдын ала болжаған тарихтағы тұңғыш астроном болады.


You Might Also Like

Новости

Реклама