Последнее обновление

(Время обновление 5 минут назад)
Жетісуда аю туристердің қонақ үйіне кіруге тырысты: темір есік те тосқауыл бола алмады

Жетісу облысындағы Жонғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орналасқан қонақ үйге аю кіруге тырысқан. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты хабарлады.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде кеңінен тарады. Видеода Жетісу тауларындағы қонақ үйлердің біріне келген қоңыр аюдың әрекеті көрсетілген. Аю темір есікті қағаз сияқты майыстырып, ішке кіруге ұмтылған. Бақытымызға орай, бұл оқиғадан ешкім зардап шекпеді.

Ұлттық парк әкімшілігінің хабарлауынша, бұл жағдай Аттапқан шатқалында болған.

Аю тамақ иісіне ұмтылған

«Тянь-шань қоңыр аюы адамға сирек шабуылдайтын жануарлар қатарына жатады. Алдын ала мәліметтер бойынша, аю бұл аумаққа тамақ иісін сезіп келген. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ», - делінген хабарламада.

Ұлттық парк қызметкерлері келушілерді тамақ қалдықтарын қалдырмауға және таулы аймақта қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Новости

Реклама