Последнее обновление

(Время обновление 6 дней назад)
Жұлдыз Әбдікаримованың анасы құдағиына алғысын білдірді

Жұлдыз Әбдікаримованың анасы әлеуметтік желіде құдағиы Гүлзира Айдарбековаға алғысын білдіріп, ерекше сәтті бөлісті. Бұл оқиға көпшіліктің назарын аударды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Құдағиына шапан жапты

Жұлдыз Әбдікаримованың анасы Гүлзира Айдарбекованың үйіне қонаққа барып, құдағиының құрметіне шапан жапты. Ол бұл сәтті әлеуметтік желіде бөлісіп, Гүлзира ханымға шынайы алғысын білдірді.

«Құрметті құдағи Гүлзира, шынайы құрметіңіз бен жылы қабылдауыңыз үшін алғыс айтамын. Алла сізге разы болсын», – деп жазды ол.

Әлеуметтік желі қолданушылары екі отбасының арасындағы жылы қарым-қатынасты жоғары бағалап, көптеген жылы пікірлер қалдырды. «Міне, осындай құдағи болу керек», «Сіздерге Алла разы болсын» деген пікірлер жиі кездеседі.

Новости

Реклама