Последнее обновление

(Время обновление 1 минуту назад)
"Жылап алдым!" дейді: Әнші Алтынай Жорабаева қызының тойына дайындықты бастады

Танымал әнші Алтынай Жорабаеваның отбасында қуанышты жаңалық. Әншінің екінші қызына сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасап, той дайындығы басталмақ. Бұл туралы әншінің өзі журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында бөлісті.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қызының бақыты үшін толқыған ана

Алтынай Жорабаева алғашында үлкен қызы үшін алаңдағанын, алайда кейін екі қызының бір-бірін қолдап, қолдау көрсеткенін көргенде ерекше сезімге бөленгенін айтты. Әншінің екінші қызы мен оның таңдаған азаматы арасындағы жас айырмашылығы екі жас қана болғандықтан, әнші қыздарына асықпауға, алдымен өздерін орнықтыруға кеңес берген екен.

«Негізі қыздарыма асықпауға кеңес бергенмін»

«Екі қызымның арасы екі жас. Кішісі әпкесінің рұқсатын алыпты. Үлкен қызым оған бақыт тілеп, өзінің де жолы ашылатынына сенім білдірген. Мұны естігенде жылап алдым! Негізі қыздарыма асықпауға, аяққа тұрып алуға кеңес бергенмін. Бірақ бұйрық осылай болыпты. Алла сол күнге жеткізсін», - дейді әнші.

Бұл жаңалықты естіген әншінің жанкүйерлері оны құттықтап, жас жұбайларға бақыт тілеп жатыр.

Новости

Реклама