Последнее обновление

(Время обновление 6 месяцев назад)
"Келінімізді араластырмауды сұраймыз": Берденовті атты деген жігіттің әкесі мәлімдеме жасады

Ернар Жиембайдың әкесі Жиембай Пралиев 21 сәуір күні орын алған қайғылы оқиғаға байланысты ресми мәлімдеме жасады.

Өз үндеуінде ол ата-ана ретінде бұл жағдайдың ауыр соққы болғанын атап өтті. Әкесі бүгінге дейін ұлы Ернардың осындай қиын жағдайға тап болғанына сене алмай отырғанын жеткізді. Сонымен бірге, бірінші кезекте Руслан Берденовтің тезірек сауығып кетуін тілейтінін айтты.

Жиембай Пралиев тергеу мен соттың істі әділ әрі жан-жақты қарайтынына сенім білдірді және барша қазақстандықтарды нақты шешім шықпай тұрып, асығыс қорытынды жасамауға шақырды. Сонымен қатар, бұл жағдайға ешқандай қатысы жоқ келінін араластырмауды сұрады.

 

You Might Also Like

Новости

Реклама