Photo: Pixabay (https://www.pexels.com/@pixabay) / Pexels
- 14 мар. 2026 01:00
- 26
"Көп адам білмейді": Асхат Аймағамбетов халықты қуантатын жаңалықпен бөлісті
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов көпшіліктің біле бермейтін маңызды жаңалығымен бөлісті. Ол азаматтардың скринингтік тексерулерден өтуге құқылы екенін және бұл үшін арнайы әлеуметтік демалыс қарастырылғанын айтты.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депутаттың айтуынша, Еңбек кодексінің 87-бабында қызметкерлерге жылына үш жұмыс күніне дейін скринингтік тексерулерден өту үшін демалыс беру туралы нақты норма көрсетілген. Бұл демалысты жұмыс беруші беруге міндетті.
Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында: "Көп адам мұны білмейді. Еңбек кодексінде скринингтерден өту үшін арнайы демалыс қарастырылған. 87-бапта ол нақты көрсетілген: қызметкерге жылына 3 жұмыс күніне дейін скринингтік зерттеулерден өту үшін әлеуметтік демалыс беріледі. Жұмыс беруші бұл арнайы демалысты беруге міндетті. Өз құқығыңызды пайдаланыңыздар. Скринингтен өтіңіздер", - деп жазды.