
- 20 авг. 2025 17:59
- 146
Астанадағы пранк жасаған жігіт 10 тәулікке қамалды
Астанадағы пранк жасаған жігіт 10 тәулікке қамалды,-деп хабарлайды Инфохаб
Елордада әлеуметтік желіге пранк түсірген жігітке сот «ұсақ бұзақылық» бабымен жаза тағайындады. Нәтижесінде ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Белгілі болғандай, видео алдын ала қойылым ретінде түсірілген, қыз түсірілімнен хабардар болған. Соған қарамастан, полиция әрекетті қоғамға құрметсіздік деп бағалады.
Сотталған азаматтың жары үкіммен келіспей отыр. Оның айтуынша, күйеуі айыбын жасырмай мойындаған, бұрын-соңды ешқандай құқық бұзушылық жасамаған және отбасын асырап отырған жалғыз адам. Жұбайының сөзінше, айыппұлмен шектелуге де болатын еді.