Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Көшбасшы болуға ұмтылайық

Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасына қарасты мемлекеттік мекемесі Облыс орталығының Көксай-2 шағын ауданында  Ж.Нұрлыбаев көшесінде орналасқан. Қадағалаусыз, қараусыз қалған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балаларына аталған орталық, уақытша бейімдеп, тәрбиелеп, барынша жан-жақты қамқорлығына алып жағдай жасауда.

09.02.2018 жылы сағ 10-00де Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында» орталық тәрбиеші Д.Тілегенова, педагог-психолог А.Есжанова және Халықаралық педагогикалық университетінің тәжірибе жинақтаушы төртінші курс студенті А.Әбдіқадырдың бірлесе ұйымдастырып өткізген «Көшбасшы болуға ұмтылайық» тақырыбындағы сайыс сабақтары өз деңгейінде тәрбиелі, қызықты болып өтілді.

Мақсаты: Баланың ой-өрісін жан-жақты дамыта отырып, адамгершілікке, мейірімділікке, имандылыққа, өз Отанын, жерін, елін сүюге, халқымызды салт дәстүрін қастерлеп, құрметтеуге үйрету, тәрбиелеу.

Алдымен, сайыс қорытындысын жариялау үшін алқабилер сайланып алынды

Көрнекіліктері: Нақыл сөздер, шаралар, фотосуреттермен безендірілген. Сайыс барысында видиоролик орнымен пайдаланып балалар бойларына патриоттық сезімдерді жинақтап, көп мағлұмат аларлықтай әсер алынды. Қазақ елінің жыл мақтаныштары туралы түсініктемелер оқылып, фотосуреттер көрсетіліп сұрақ-жауап жүргізілді. 

Орталықтың музыкалық жетекшісі Б.Утеевтің сүйемелдеуімен ән-күй, би билеп, тақпақтар айтылды. Тәжірибе жинақтаушы студент, келешек педагог-психолог А.Әбдіқадырдың тәрбиеленушілермен жүргізген психологиялық ойындары ұйымдастырылды.

1. Шар жару ойыны.

Мақсаты: Баланың ой қабілетін дамыту

2. Құбырдан су ағызу

Мақсаты: Балаларды ауызбіршілікке татулыққа алып келеді.

C:\Users\7\Desktop\ГУлфайраз апай партоф\09.02.2018\IMG_8106.JPG

Сайыс барысында балалар топқа бөлініп өз мүмкіндіктерін көрсетті. Қазақ елінің салт-дәстүрін білу, түсүну, ұғыну мақсатында: Қыз ұзату, беташар, бесікке салу,тұсау кесу,сияқты дәстүрлер айтылып, көрсетілді. Сонымен қатар өлең айту сайысында тәрбиеленуші Ақмарал Мустафаеваның «Өткен өмір» атты арнау өлеңі, (анасына арнап жазған) үлкенге де, кішіге де ой салатындай әсер қалдырды. Осы қыз баланың өлең шумақтарын ұсынып отырмын.

«Өткен өмір»

Жан ана аңсап жүрмін күнде өзіңді,
Балам деген бал тәтті жыр сөзіңді.
Арманның қиялымен келем ана,
Қайта көрсем екен деп өзіңізді.

Мен тіріңде білмеппін, қадіріңді,
Жылына бір көреміз қабіріңді.
Қайта Аллам ортаға төгер ме еді?
Аналық ақ жүректі жарығыңды.

Пенделікке салынып, ақ таңдаймыз,
Ананы біздер тауып жатқандаймыз.
Бір сөзіне он ауыз тіл қайырып,
Ақ сүтінің алдында ақталмаймыз.

Ей, адамзат қадірле анаң болса,
Зор бақыт бірге жүріп аман болса.
Анадан бар жылулық табылады,
Өкініп, қиналғаннан жаның тоңса.

Анандай бола алмайды, өзге ешкім,
Анасыз өмір сынын бастан кештім.
Анадай ардақты адам табам деме,
Анадан ешбір жан жоқ, асқан ешкім.

Жылатпа,сызат салма, жүрегіне,
Қарсы тұрма, екі етпе тілегенде.
Анаңды аялап өт, жылатпағын,
Мәңгі жұмақ кілті бар жүрегінде.

Ұрсса ұрсар, жаман болсын демейді екен,
Өткен өмір амал не, келмейді екен.
Анаңды алып, ұшып, сағынғанда,
Жүрек  толқып, жан күйді кернейді екен.

Ана деген бәйтерек, қасиетті,
Баршаға ем болатын өсиеті.
Жер басып жүрген бүкіл адамзаттың,
Мүмкін емес Анаға бас имеуі.

Ана даген бұлағың ағып жатқан,
Ана деген алау от жанып жатқан.
Балам аман болсын деп күні-түні,
Ақ сүт беріп, әлпештеп бағып жатқан.

Ойланаңдар! Күніге ойға алыңдар,
Ақ сүтімен өмірге  бойладыңдар.
Ана деген өмірдің ақылшысы,
Ананың ақылына тойған кім бар?

Қадірле аялап өт анаң болса,
Өмірдің жылуы жоқ анаң солса.
Өтсе де дүниеден мәңгілікке,
Ұмытпа, құран оқыт жаның болса.

Ақмарлдын талабына нұр жаусын деп тілек білдірдік.

C:\Users\7\Desktop\ГУлфайраз апай партоф\09.02.2018\IMG_8067.JPG

«Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының» басшысы Қансейіт Бимен Жұмаханұлына сөз берілді. Ол балалардың өнерлерінің тамашалығын атап айтып, тілектерін және жылы лебізін білдірді. Қорытындылай келе, сайыс деңгейіне қарай, топ басшылыры марапатталып, мақтау қағаздары берілді. Сайыс соңында балаларға тәтті торт берілді. Балалар өз ризашылықтарын білдіріп рахметтерін айтты.  

C:\Users\7\Desktop\ГУлфайраз апай партоф\09.02.2018\IMG_8074.JPG

Чеховтың айтқанындай «Адам барлық жағынан да: түрі де, киімі де, жаны да, ойы да сұлу болу керек» - деген. Осындай сайыстар, іс-шаралардың арқасында болашақ жастардың келешегі жарқын болады деп сенемін.

C:\Users\7\Desktop\ГУлфайраз апай партоф\09.02.2018\IMG_8162.JPG

ОҚО Білім басқармасының
«Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» КММ-нің
тәрбиешісі Мусаева Гульфайраз Адилханқызы


You Might Also Like

Новости

Реклама