Последнее обновление

(Время обновление 8 минут назад)
Майялардың энергия құпиясы: Неліктен салауатты өмір салтын ұстанушылар чиа тұқымын жақсы көреді?

Чиа тұқымы соңғы жылдары салауатты тамақтану әлемін жаулап алды. Бірақ көпшілік бұл жай ғана сәнді суперфуд емес, мың жылдық тарихы бар өнім екенін біле бермейді. Бұл туралы Harvard Medical School дереккөздеріне сүйенген Tengri Health хабарлайды.

Чиа (испандық майоран) тұқымының тарихы 5000 жылдан асады. Ол ацтектер мен майялардың ежелгі суперфуды болған. Майя тілінде «чиа» сөзі «күш» деген мағынаны білдіреді. Ал латынша атауы Salvia hispanica (испандық майоран) Карл Линнеймен қателік нәтижесінде берілген.

Ежелгі Америкада чиа тұқымы негізгі тағам, күш көзі, тіпті валюта ретінде қолданылған. Алайда, испандықтар жаулап алғаннан кейін 450 жыл бойы ұмытылып кетті. Тек 1990-шы жылдары Оңтүстік Америкада оны өсіру қайта жандандырылды.

Неліктен чиа тұқымы пайдалы?

Нутрициологтардың айтуынша, чиа тұқымында талшықтар, ақуыздар, омега-3 май қышқылдары және антиоксиданттар көп. Оның қоректік құндылығы өте жоғары.

«Чиа тұқымын рационға қосу өте оңай. Йогурт, ботқа немесе салаттарға бір-екі ас қасық қоссаңыз жеткілікті. Смузиге немесе сорпаға да қосуға болады. Тіпті құймақ немесе басқа таңғы асқа арналған өнімдердің қамырына да араластыруға болады. Чиа тұқымының дәмі жұмсақ болғандықтан, тағамыңыздың дәмін бұзбайды», - дейді Гарвард медицина мектебінің қызметкерлері.

Қазіргі таңда чиа тұқымы Латын Америка мен Австралияда өсіріледі.

Новости

Реклама