
- 27 апр. 2025 08:01
- 36
Мәжіліс депутаттары Астанада 100 түп ағаш отырғызды
Астанада өткен жалпы қалалық сенбілікке Мәжіліс депутаттары мен Палата аппаратының қызметкерлері қатысты. Іс-шара елордалық әкімдік тарапынан жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды. Депутаттар қалалық саябақтардың бірінде қарағай көшеттерін отырғызды.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов «Таза Қазақстан» жобасының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынғанын атап өтіп, бұл акцияның ел көлемінде нағыз қоғамдық қозғалысқа айналғанын айтты. Оның айтуынша, жобаның мақсаты — аумақтарды тазалап қана қоймай, қоғамда экологиялық тұрмыс салтын қалыптастыру.
Қаланы көгалдандыруға бағытталған «Жасыл аймақ» науқаны Астанада табысты жүзеге асырылуда.