
- 07 июн. 2025 00:22
- 24
МӘМС жүйесінде 400 млн теңгеден астам қаржы жымқырылғаны анықталды – Антикор
МӘМС жүйесінде 400 млн теңгеден астам қаржы жымқырылғаны анықталды – Антикор
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде аса ірі көлемде бюджет қаржысының жымқырылғанын анықтады. Бұл туралы агенттік AntikorNews Telegram-арнасында хабарлады.
Тергеу барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ басқарма төрағасының орынбасары күдікті ретінде танылып отыр. Ол 400 млн теңгеден астам қаржының ұрлануына қатысы бар деген күдікке ілінген.
Агенттіктің мәліметінше, бұл қаражат бастапқыда халыққа медициналық көмек көрсету үшін бөлінген. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, өзге де лауазымды тұлғалардың қатысы тексеріліп жатыр.