Последнее обновление

(Время обновление 6 дней назад)
Шерзат ісі: Күдікті Дархан Әскентай сотта Қаржаубай Нұрымовқа да қылмыстық іс қозғауды сұрады

Күдікті Дархан Әскентай сотта Қаржаубай Нұрымовқа да қылмыстық іс қозғауды сұрады,деп жазады Пресса24.кз.

16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты қаралып жатқан қылмыстық істе негізгі күдікті Дархан Әскентай сотта жаңа мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, қайғылы оқиғаның өршуіне марқұмның әкесі — Қаржаубай Нұрымов себепкер болған.

Дархан Әскентайдың сөзінше, қақтығысты дәл осы Нұрымов бастаған, адам жинап, алғаш болып пышақ көрсеткен де — сол. "Шерзатты әкесі арандатты", — деді ол.

Күдікті соттан Қаржаубай Нұрымовқа Қылмыстық кодекстің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғауды сұрады.

You Might Also Like

Новости

Реклама