
- 07 июн. 2025 00:11
- 25
Қырғызстанда блогер Айбек Уланов отбасылық зорлық-зомбылық құрбанына қатысты жазбасы үшін ұсталды
Қырғызстанда блогер Айбек Уланов отбасылық зорлық-зомбылық құрбанына қатысты жазбасы үшін ұсталды
Қырғызстандық блогер Айбек Уланов әлеуметтік желіде жариялаған жазбасы арқылы өшпенділік қоздырды деген күдікпен ұсталды. Ол Threads платформасында: "20 жылдық кездесуде әйелің сыныптасымен жақындасса не істер едің?" деген жазба жариялап, оған қайтыс болған Айзирек Эралиеваның суретіне ұқсайтын әйелдің фотосын тіркеген.
Бұл жазба қоғамда үлкен наразылық туғызып, марқұмның туыстары мен құқық қорғаушылардың ашу-ызасын тудырды. Айта кетейік, Айзирек Эралиева — бес баланың анасы. Ол 26 мамырда мектеп бітіргеніне 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған сыныптастар кездесуіне қатысқан. Кештен кейін күйеуімен үйлеріне оралған соң, екеуінің арасында жанжал шығып, ер адам әйелін атып өлтірген.
Қоғам белсенділері блогердің әрекетін өлімді ақтау әрі құрбанды қорлау деп бағалап, оған қарсы қатаң шара қолдануды талап етуде.