Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Маңғыстаудағы аномалды ауа райынан 100-ден астам жылқы қырылды

Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында аномалды ауа райы салдарынан 100-ден астам жылқы қырылды. Бұл туралы Lada.kz сайтына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Қатты жауын-шашыннан кейін малдар сор алқаптарға батып, көбісі қаза тапты. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, әр шаруа қорасынан бірнеше басқа дейін он шақты жылқы жоғалған.

«Қатты жаңбырдан кейін Ақшымырау ауылы маңындағы мал суға кетіп, сор алқапқа батты. Көптеген жылқылар тұзды батпаққа кептеліп өлді, ал қалғандары шыға алмай жатыр. ТЖМ мен жергілікті билік көмек көрсетпесе, жағдай күрделіленуі мүмкін», - деп жазды ауыл тұрғындары.

Олар заңгерлер мен жануарлар құқығын қорғаушыларды мәселеге назар аударуға шақырды.

Акимдіктен мәлімет

Маңғыстау ауданы әкімдігінің хабарлауынша, жағдайды бағалау үшін мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен арнайы комиссия құрылған. Алдын ала деректер бойынша 100-ден астам жылқы табылған. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар өлген мал санын нақтылап жатыр, себебі иелері әлі де мал басын толық есептей алмай отыр.

Алдын ала бағалау бойынша, малдың қырылуына төтенше ауа райы – қатты жел мен нөсер жаңбыр себеп болған. Мал адасып, жетуі қиын аумақтарға барып, суға шайылған жерде қаза тапқан. Кейбір үйірлер елді мекендерден 60-80 шақырым қашықтықта қырылуы мүмкін.

«Залалды жою үшін барлық күш пен құрал жұмылдырылды: өңірдегі ірі кәсіпорындардың техникалары, ТЖ қызметтері және жергілікті атқарушы органдар тартылды. Суды сору және қалпына келтіру жұмыстары күшейтілген режимде жалғасуда. Жағдай ерекше бақылауда. Мал иелерімен жұмыс жүргізіліп, заманауи мониторинг құралдары мен арнайы техникалар пайдаланылуда», - деп хабарлады Маңғыстау ауданы әкімдігі.

Новости

Реклама