Photo: Kim van Vuuren (https://www.pexels.com/@kimvanvuuren) / Pexels
- 14 февр. 2026 21:00
- 20
Маргарита Симоньянның жаңа келбеті: Онкологиядан кейін алғаш рет париксіз көрінді
Ресейлік RT телеарнасының бас редакторы Маргарита Симоньян онкологиялық аурудан кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты. Ол өзінің туған қаласы Краснодарда «Құрметті тұрғын» атағымен марапатталды.
Бұған дейін Симоньян сүт безі обырына шалдыққанын мойындап, операция мен бірнеше химиотерапия курсынан өткенін мәлімдеген болатын. Емдеу процесінде ағзасы әлсіреп, біршама уақыт қоғамдық іс-шаралардан шеткері жүрді. Қазіргі таңда оның жағдайы жақсарып, қалыпты өмірге оралуда.
Салтанатты шарада Симоньян ерекше толқыныс білдіріп, марапатты табыстауға атсалысқандарға алғыс айтты. Бұл – оның емнен кейінгі алғашқы ресми іс-шарасы. Сонымен қатар, ол көпшілік алдына алғаш рет париксіз шығып, шашының түсіп қалғанын көрсетті.
Еске сала кетсек, бұған дейін Маргарита Симоньян «Егер Ресей Қазақстанға әскер аттандырса, мен бақытты болар едім» деген сөздерімен қоғамда резонанс тудырған болатын. Ол Украина, Сириядағы жағдайларға қатысты пікір білдіріп, Қазақстандағы «қандай да бір «бармалейлермен» күресуге мүмкіндік берсе, бақытты болатынын айтқан еді.