Photo: Juan Pablo Serrano (https://www.pexels.com/@juanpphotoandvideo) / Pexels
- 20 февр. 2026 02:00
- 20
Марқұм Арман Дүйсеновтің әйелі үйін қайтарып алды: Қуанышты хабар жетті!
Қуанышты жаңалық баршаны шаттыққа бөледі! Марқұм композитор Арман Дүйсеновтің жұбайы Айсұлу ханым сот шешімімен өзінен тартып алынған баспанасын қайтарып алды. Бұл туралы белгілі журналист Руслан Өтепбай өзінің желідегі парақшасында бөлісті.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Журналист бұл жаңалықты «сүйінші» деп атап, қоғамның көрсеткен қолдауына алғыс білдірді. Айсұлу ханым да өз кезегінде қолдау көрсеткен барша қазақ еліне ризашылығын жеткізген.
«Ардақты ағайын, сүйінші хабар! Арман Дүйсеновтің келіншегі Айсұлу ханым соттың шешімімен үйін қайтарып алды. Қолдау білдірген барша қазақ еліне Айсұлу ханым ризашылығын жеткізуде», – деп жазды Руслан Өтепбай.