
- 09 июн. 2025 13:41
- 16
Kyzdar.net неге әлі бұғатталмай отыр: ІІМ түсініктеме берді
Kyzdar.net неге әлі бұғатталмай отыр: ІІМ түсініктеме берді
Ішкі істер министрлігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігі Kyzdar.net сайтына қатысты шараларды күн сайын қабылдап жатқанын мәлімдеді. Алайда сайтты толық бұғаттау әзірге мүмкін болмай тұр.
🔹 ІІМ жауабы:
«Kyzdar.net пен оның балама домендерін шұғыл түрде бұғаттау – бірлескен жұмыс тобының басты міндеті. Бірақ сайт әкімшілері сілтемелер мен мекенжайларды жиі ауыстырып отырады. Соның арқасында сайт қайта-қайта қолжетімді болып шыға келеді», – делінген министрлік жауабында.
ІІМ дерегінше, сайт күн сайын 2 млн теңгеге дейін табыс тапқан. Ал жылдық табысы шамамен 2 млрд теңгеге жеткен.
2023 жылы наурызда Kyzdar.Net сайтындағы топ-менеджерлер мен көмекшілері ұсталған болатын. Соған қарамастан, платформа түрлі домендер арқылы жұмысын жалғастырып келеді.