Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Мектеп Білім Туралы Нақыл Сөздер Қанатты Сөздер

 

infohub.kz порталында мектеп туралы нақыл сөздер жинағы ұсынылған. Бұл жинақта қазақ халқының атақты тұлғаларының мектеп, білім беру, мұғалімдер және оқушылардың өмірі туралы нақыл сөздері бар.

 

 

Түйінді сөздер: Мектеп туралы нақыл сөздер, қазақша нақыл сөздер, мектеп цитаталары, мұғалім нақыл сөздері, білім нақыл сөздері.

Мета сипаттама: Мектеп туралы нақыл сөздер жинағы. Қазақ халқының атақты тұлғаларының нақыл сөздерімен танысып, білімнің маңыздылығын түсініңіз.

Бас тақырып: Мектеп туралы нақыл сөздер - Қазақша портал INFJHUB.KZ.

Аралық тақырып: Қазақтың ұлы тұлғаларының нақыл сөздері, білім және мектеп туралы нақыл сөздер.

 

 

Мектепте оқушы мұғалім берген тапсырмаларды қайталау арқылы есте сақтайды. Ал өмір сабағында есте қалар жәйттер аз емес. Ешкім ешқандай тапсырма бермесе де өмірдің кейбір сәттерін өмір бақи ұмыта алмайтының рас.

©  Әкім Ысқақ

 

Қанша ғылыми мектеп болса сонша ғылыми пікір бар.

©  Макс Шелер

 

Парасатты патшаның тұсында ғана мектеп Меккедей құрметке ие болмақ.

©  Дүкен Мәсімханұлы

 

Мектептің, білім саласының қамын ойламаған басшыны – толыққанды адам деудің өзі артық.

©  Дүкен Мәсімханұлы

 

Менің түсінігімде мектеп, мешіт, медресе - адам тәрбиесіндегі ұлы мекендер.

©  Нұрлан имам Байжігітұлы

 

Мен мектепте оқып жүргенде, жек көретін екі жазушым болды. Абай және Лев Толстой. Өйткені, дым түсінбедім. Толстойдың “Соғыс және бейбітшілігін” оқысаң, өңкей түсініксіз бірдеңелер. Абайды оқып қалсаң, ақыл айтады да жатады. Маған ол ұнамайды. Түсінбеймін. Мағына көрмеймін… Жас бала Абайдың, Толстойдың ұлы екенін түсінбейді. Оған зорлап оқы дегеннен ештеңе шықпайды… Толстойды МГУ-да оқып жүргенде, 2-3 курста оқыдым. Ұлы екенін түсініп, рахаттанып оқыдым. Мәскеуге барғанда Абайды оқып бастап, ұлылығын сонда түсіндім.

©  Асқар Жұмаділдаев

 

Маған бәрінен де жақсы мұғалім артық,өйткені мұғалім-мектептің жүрегі

©  Ыбырай Алтынсарин

 

Басында аздап қиын болды, өйткені мен орыс тілін жақсы Білмедім. Қазір баяу оқып жатырмын. Маған Мәскеуде, тыныш қала ұнайды. Мен екі мектепте – Академияда және қосымша мектепте оқимын. Достар таптым

©  Ержан Максим

 

Мектеп қысқа көйлек, жалтыр санды адамдардың ортасына айналды. Мектеп бірітушілер таң атқанша даңғаза музикада жұлқынады...

©  Нұрхалық Абдырақын

 

Жылда өзгертуді қажет етпейтін пәндерді жылда қайта жаза береміз, балалардың тапсырмасын, ата-анасы зорға орындайды.

©  Нұрхалық Абдырақын

 

Мектепте хиджаб тыйым салу - Конституцияға қайшы!

©  Бекболат Тілеухан

 

Мен Қазақстан азаматымын, қазақ тілін білемін — қазақ мектебін бітірдім.

©  АСҚАР ІЛИЯСОВ

 

Мектептің білім берумен еш байланысы жоқ. Ол балалардың қарым-қатынас жасауын бақылайтын институт.

©  Уинстон Черчилль

 

Мектептер сенімді жұмысшыларды дайындайды, жұмыс берушілерді емес.

©  Роберт Кийосаки

 

Жасында ұлт мектебінде дұрыстап оқыған адам ана тілінің заңын ұмытпайды, бөтен тілдің сөздерін ана тілінің заңымен айтамын деп шатасады.

©  Халел Досмұхамедұлы

 

Әдебиет тілінің қаруы — баспа мен мектеп. Баспа мен мектеп деген – адам шошынарлық өте қайратты қару. Баспа мен мектепте қолданған тіл елге ақырында сіңбей қалмайды. Мектеп пен баспаның тілі дұрыс тіл болса, елдің тілі көркейтіп, байытып, гүлдендіреді; мектеп пен баспада қолданған тіл шатасқан тіл болса, ол ел – сорлы ел, мұндай елдің тілі бұзылмай қалмайды. 

©  Халел Досмұхамедұлы

 

Есіңде ме, сен жас кезіңде уақыт тез өткенше асығар едің. Мектепте сабақ қашан аяқталар деп аптығатын едің. Жас кезінде баланың бәрі уақыттың тез өткенін қалап, әрқашан асығып жүреді. Ол тау төбесіне тез шыққың келгендей, төбе басын тез көргің келгендей асығыстық тірлік ғой. Сол төбеге шыққан соң енді төмен түскің келмейтіні бар. Бірақ түсуің керек. Төбеде орын тар, соңыңнан келе жатқандарға босатуың ләзім. Түспесең де олар соңыңнан итере-митере төмен сырғытады. Уақыт жылжи отырып сені төбеден жайлап түсіреді. Сенің түскің келмес, сондықтан уақыт зырлап тез өтеді. Уақыт тез өткен сайын адам өтіп бара жатқан өміріне қынжылады. Жастық шағын, жігіттік дәуренін, жігітағалық заманын қимайды. Ал уақыт бірте-бірте күш алған метро поезындай зырлай жөнеледі. Енді қартайған сайын әлгі зырлап бара жатқан уақыттың жайымен жылжуын аңсайсың...

©  Әбдінағым Көшер

 

Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі. 

©  Ыбырай Алтынсарин

 

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі. 

©  Ыбырай Алтынсарин

 

Мектеп қабілетсіздік пен жалқаулықтың ұясына айналмауы тиіс. 

©  Ыбырай Алтынсарин

 

Ең жақсы мектеп - өмір мектебі.

©  Иоганн Вольфганг фон Гёте

 

Қоғам неғұрлым танылған сайын, тек өзінің болашағына жақсы ықпал ететін дәстүрлерді ғана сақтап, оларды ұрпақтан-ұрпаққа берудегі жауапкершілігін соғұрлым танитын болады. Мектеп - осы мақсатқа жетудегі бірден-бір басты құрал». 

©  Джон Дьюи

 

Мұғалімі қандай болса – мектебі де сондай болмақ. 

©  Ахмет Байтұрсынұлы

 

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім. 

©  Ахмет Байтұрсынұлы

 

Бала бастауыш мектепте бар пәнді тек ана тілінде ғана оқуы керек. 

©  Ахмет Байтұрсынұлы

You Might Also Like

Новости

Реклама