Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Ұстаз, Мұғалім, Оқытушы туралы Қанатты сөздер

Бұл жазбада мұғалімдердің рөлі мен маңыздылығы туралы қазақ халқының атақты тұлғаларының нақыл сөздері жинақталған. Мұнда мұғалімдердің білім беру үдерісіндегі орны мен олардың оқушыларға ықпалы туралы терең ойлар ұсынылған.

 

Түйінді сөздер: Мұғалім туралы нақыл сөздер, қазақша нақыл сөздер, мұғалім цитаталары, білім нақыл сөздері.

Мета сипаттама: Мұғалім туралы нақыл сөздер жинағы. Қазақ халқының атақты тұлғаларының мұғалімдер туралы нақыл сөздерімен танысып, білімнің маңыздылығын түсініңіз.

Бас тақырып: Мұғалім туралы нақыл сөздер - Қазақша портал infohub.kz.

Аралық тақырып: Қазақтың ұлы тұлғаларының нақыл сөздері, мұғалім және білім туралы нақыл сөздер.

 

 
Ақырын жүріп,анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас ,
Үйретуден балаға.
Абай Құнанбайұлы


Нашар ұстаз шындықты қайталайды,жақсы ұстаз сол шындықты іздеп,табуға үйретеді.
Адольф Дистервег


…Түсінгендіктің шын белгісі-«иә» деген жауап емес,шәкірттің жүзіндегі қуаныш болып табылады.
Абу-ль-Фарадж ал-Исфахани.



Ұстаз ізденгіш болуы,ойлай білуі,қандай істі болсын,бар ынтасымен атқара білуі керек
В. Маяковский.


Ұстаз болу,яғни жақсы оқытушы болу үшін,оқытатыныңды да сүюің керек.
В.О.Ключевский.


Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық,өйткені мұғалім-мектептің жүрегі
Ы.Алтынсарин


Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады
Абай Құнанбайұлы


Мұғалім-зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі іспетті.
К.Д.Ушинский


Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін:әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым.
Александр Македонский
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы
Халық даналығы.


Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт
Халық даналығы.


Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі
К.Д.Ушинский


Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,
Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.
Ж.Баласағұн.


Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз.
Сенека.


Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.
Әл-Фараби


Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.
Ыбырай Алтынсарин


Адамның адамшылдығы… жақсы ұстаздан болады.
Абай Құнанбаев


Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес.
Мұхтар Әуезов


Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім.
Ғабит Мүсірепов


Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді. Мәлік Ғабдуллин


Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін.
Серке Қожамқұлов


Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс.
Спандияр Көбеев


Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз.
К.Д.Ушинский


Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз.
Ыбырай Жақаев


Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол – нағыз ұстаз.
Л.Н.Толстой


Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Ахмет Байтұрсынов


Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.
Мағжан Жұмабаев


Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.
Ж.Ж.Руссо


Ұстаз – ұлы есім
М.Әуезов


Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.
К.Д.Ушинский


Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады
В.А.Сухомлинский


Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.
Ы.Алтынсарин


Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді.
Ұлы мұғалім шабыттандырады.Уильям Уорд,ағылшын ағартушысы.
Даңқ пен абырой кенелуімде мен бір адамға қарыздармын ол- ұстазым Аристотель.
Александр Македонский


Ұстаз- ұлық емес,ұлы қызмет
Бауыржан Момышұлы
Мектеп- кеме,білім теңіз
Қасым Аманжолов


Мектепті сыйлағандықтан,мамандығын жан- тәнімен сүйгендіктен мұғалім ең алдымен өзінің интелектісін көтеруі керек, дүниеге деген көзқарастарын биіктетуі керек.
Әбділда Тәжібаев.


Мұғалім деген ат-қасиетті ат.Мұғалім деген аттан таза еңбекті сүйетін мамандық иесі деген сөзді ұғынады. Елдің надандығымен алысатын адам мұғалім.
Сәбит Мұқанов.


Халық – нағыз ұстаз.
Халық даналығы.


Ілім үйреніп,одан соң оны басқаларға үйретпеу-мол дүние жиып,оны керегіне жаратпай,көміп қойғанмен бірдей.
Мұхамбет пайғамбар.


Білімді бір сауыттан екінші сауытқа құйғандай біреудің ділінен екінші біреудің діліне қотара салуға болмайды.
Платон


Ештеңені білмейтін,ештеңені білуге талпынбайтын адамның жағдайы қиын.Өйткені оның бойында екі кесел бар:бірі-топастық,екіншісі-жалқаулық.
Платон.


Ұстаз талантты болса,
Шәкірті талапты болады.
Халық даналығы


Мен барлық ұстаздарға былай ғибрат етемін:балалардағы білімге деген талап,ынта,құштарлық отын сөндіріп алмаңдар.Еңбек қуанышы еңбеккер адамның мақтаныш сезімін осы оттың тұтанар бірден-бір көзі.
В.А.Сухомлинский.


Мұғалім-зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі сияқты.
К.Д.Ушинский


Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ.
Л.Н.Толстой


Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата білмесең,құр қаталдықтан түк те шықпайды.
А.П.Чехов


Қайратсыз ашу-тұл,
Тұрлаусыз ғашық-тұл.
Шәкіртсіз ғалым-тұл
Абай


Мұғалімге сөз өз ойын сапырылыстырып айту үшін берілмейді,басқаның ойына қозғау салу үшін беріледі.
В.О.Ключевский


Өзінің ақыл-ойын артықша бағалайтын адамды үйреткісі келетін кісі уақытты босқа шығындайды.
Демокрит


Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп,не істейтіні маңыздыөақ.бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп,не істейтіні онан да маңыздырақ. Мұғалімдер,міне,осынысымен бағаланады.
Цицерон


Шәкірт болып көрмеген,ұстаз болып жарытпас.
Боэций


Өзінің ұстазынан асып түсуге талпынбаған шәкірт-бейшара.
Леонардо да Винчи


Тәрбиешіге үйреткеннен бұйрық беру әлдеқайда жеңіл.
Д.Локк


Басқаны үйреткен кісі қайталау арқылы меңгерген білімдерін нығайтумен ғана емес, пәнге үңілуге мүмкіндік алумен де өзін-өзі үйретеді. Сондықтан да асқан дарынды Иохим Форций өзі жайында:-не естіп,не оқысам да,соның бәрі тіпті бір айдың ішінде-ақ ойымнан шығып кетеді,ал басқаларға үйреткенімді өзімнің бес саусағымдай соншалық айқын білемін,- дейді екен.Сондықтан ол зор табыстарға жету үшін шәкірттеріне өздеріне шәкірттер тауып,оларға күн сайын өздері үйреніп жатқан нәрселерін үйретіп отыруды кеңес қылады.
Ян Амос Коменский


Жақсы ұстазға қандай қасиеттер тілеуге тиіспіз?Өзінің оқытатын пәнін терең білуді,адал да сезімтал жан дүниесі болуын…
Д.Дидро


Ана сүтін дене үшін табиғат әзірлейді, рух үшін оны біздің мұғалімдеріміз әзірлейді.
Г.Лихтенберг


Іске деген сүйіспеншілігі бар мұғалім жақсы мұғалім болады.Егер мұғалім шәкіртін әкесіндей,шешесіндей сүйетін болса,ол барлық кітаптарды оқыған,бірақ іске де,шәкірттеріне де сүйіспеншілігі жоқ мұғалімнен тәуір болмақ.Егер мұғалім өз бойында іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса,ол-кемел ұстаз.
Л.Н.Толстой


Мұғалімнің бүкіл мақтанышы-шәкірттерінде,өзі шашқан ұрықтарының өсіп-өнуінде.
Д.И.Менделеев


Мұғалімнің ең жауапты міндет орындайды-ол адамды қалыптастырады.
М.И.Калинин


Егер мұғалім өте беделді болса,онда бұл мұғалімнің әсерінің іздері кейбір адамдардың бойында бүкіл өмір бойы қалып қояды. Міне,сондықтан мұғалімнің өзіне құнтты болуы,өзінің мінезі-құлқы мен іс-әрекеттері,дүние жүзіндегі бірде-бір адамда болмайтындай,ең күшті бақылауда болатынын сезінуі өте маңызды.
М.И.Калинин


Өзінің шәкірттеріне еңбектен қуаныш табу қабілетін дарыта алатын мұғалім зор даңқа бөленуге тиіс.
Э.Хаббард


Жақсы мұғалімдер жақсы оқушыларды жасайды.
М.В.Остроградский


Мұғалімге сенім білдірмесе,оқу игі жеміс бере алмайды.
Д.И. Менделеев


Мен біздің жастарымыздың ежелгі заман философтарын оқуын қалар едім. Мұнан олар шәкірттердің ұстаздарына қандай ілтипатпен және құрметпен қарағанын көрер еді
М.И.Калинин


Басқаларды үйрете отырып, біздің өзіміз де үйренеміз.
Сенека


Педагог-жаңа ұрпаққа ғасырлар бойы жинақталған барлық бағалы дүниелерді беріп,жалған сенімдерді, кінәраттар мен кеселдерді бермеуге тиісті адам.
А.В.Луначарский


Тәрбиелеушінің өзі-ақылдың,үлкен ұстамдылықтың,мейірімділіктің,биік адамгершілік көзқарастың иесі болуға тиіс.
М.П.Драгоманов


Мұғалім,егер ол адал болса,әрқашан зейінді шәкірт те болуға тиіс.
М.Горький


Үйренбейтін немесе аз үйренетін мұғалім-жаман мұғалім.
М.Горький


Ғылымды күшті меңгерген және оны сүйетін мұғалім ғана өз шәкірттерінің бәріне жемісті ықпал жасайтын болады.
Д.И.Менделеев

 

 

ұстаз туралы қанатты сөздер, мұғалім туралы қанатты сөздер, ұстаз туралы ұлағатты сөздер, мұғалім туралы ұлағатты сөздер, мұғалім туралы нақыл сөздер

Ақырын жүріп,анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас Үйретуден балаға.

You Might Also Like

Новости

Реклама