Tengrinews.kz / Маржан Куандыкова
- 20 февр. 2026 20:30
- 20
Мемлекеттік көмекке өтініш бергендердің барлығы ие болады деген жалған ақпарат: Еңбек министрлігінің жауабы
Әлеуметтік желілерде және кейбір БАҚ-та "барлық қазақстандықтарға өтініш бергені үшін әлеуметтік көмек автоматты түрде тағайындалады" деген жалған ақпарат тарады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды.
Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, әлеуметтік көмек – бұл мемлекеттік қолдаудың нақты бір шарасы. Ол тек өмірлік қиын жағдайға тап болған, сондай-ақ белгіленген мұқтаждық критерийлеріне сәйкес келетін азаматтарға ғана беріледі.
«eGov порталы арқылы өтініш беру – бұл әлеуметтік көмекке жүгінудің бір тәсілі ғана және оның автоматты түрде тағайындалуына кепілдік бермейді», - деп атап өтті министрлік.
Көмек алушылардың санаттары, оны беру шарттары және қажетті құжаттардың тізімі әкімдіктермен әр өңірде жеке бекітіліп, ресми сайттарда жарияланады. Барлық түскен өтініштерді әкімдіктер белгіленген тәртіппен қарайды.
Министрлік жалған ақпарат таратқаны үшін заң бойынша жауапкершілік қарастырылғанын еске салып, азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.